08
февраль
2020
Қамқоршылық кеңесі №1 отырысы 1. Білім алушылардың жекелеген санаттарына ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
- 2019-2020 оқу жылының 09.01-29.02.2020 жыл аралығына жоғарыда аты аталған ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылардың тізімі бекітілсін және қоса тіркелді (барлығы: міндетті білім қорынан 57 білім алушы).
- Ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушыларға мектеп асханасынан тамақтану ұйымдастырылсын, тамақтануды ұйымдастыру жұмысының сапалы және жүйелі жүргізілуін бақылау, брокеражды комиссия құру, жауапты оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.С.Жанақовқа жүктелсін.
Ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушыларға тамаққа берілетін түбіртектерді беру, мектеп асханасына кестеге сәйкес баруын, уақытылы тамақтануын қадағалау, сыныптық есеп журналын жүргізу 1-8 сынып жетекшілеріне және отбасылардың, балалардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын бақылау, тамаққа берілетін түбіртектерді тарату, тамақтану табелін кестеге сәйкес қалалық білім басқармасының есеп бөліміне тапсыру әлеуметтік педагог Р.А.Тургараеваға жүктелсін